АТЫРАУДА

ЗАРДАП ШЕККЕН 11 АТЫРАУЛЫҚ АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні сағат 18.30-да Мақат ауданындағы «Доссор-Құлсары» тас жолында Доссор кентінен 18 шақырым жерде екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан бір автокөліктен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен кезде, автокөлік жанбағанын анықтап, 11 адам зардап шеккендерді Трассалық медициналық құтқару пунктінің қызметкерлері Доссор ауруханасына жеткізді.

Оқиға орнына ТМҚП «Доссор» 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы , «Семсер Өрт сөндіруші» 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы шықты.
Атырау облысы ТЖД ескертеді: Жолда абай болыңыз!

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button