АТЫРАУДА

ЖҰМБАҚ ЖАҒДАЙДА ЖОҒАЛҒАН АТЫРАУЛЫҚ АЗАМАТ ТАБЫЛДЫ!

Жылыойлық полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған азаматты құтқарды.

Жылыой аудандық полиция бөлімінің 102 нөміріне 19 желтоқсан күні сағат 13:30 шамасында ер адам​ 1974 ж.т. қойшының мал айдап​ әкетуге кетіп, қайта оралмағаны туралы айтқан. Анықталғандай, 47 жастағы ер адам Ақкиізтоғай селосынан 10 шақырым жерде орналасқан қожалықтан мал айдап​ келе жатып ауа райының күрт өзгеруіне байланысты белгісіз бағытқа кетіп, үйінен адасып қалған.

Хабарлама түскен сәттен бастап, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Утемуратов Талғат және кинолог полиция сержанты Нұрланов Нұрсұлтан Ральф есімді қызметтік-іздестіру иті және ТЖҚ қызметкерлерімен шұғыл түрде іздестіру жұмыстарын жүргізіп,нәтижесінде ер адам далалықтан, яғни қожалықтан 15 км қашықтықтан табылды.

– Күн батқаннан кейін қалың тұман басты, содан кейін бағыттан адасып қалғанмын. Күнде суық болғасын, малды адастырмай апарайын деп жүре бердім. Полицейлердің көлігінің жарығын көріп қуандым, аман-есен үйіме оралғаным үшін оларға рақмет айтамын, деді – Әділ Мұхитов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button