Covid-19: Атырау облысында бір тәулікте 424 науқас тіркелді

by Depti
1 views

Қауіпті инфекцияның таралуы Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 424 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 257 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 24 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 67 науқас, Индер ауданында – 10, Исатайда- 16, Қызылқоға ауданында – 14, Құрманғазы ауданында – 14, Мақат ауданында – 10, Махамбет ауданында – 12адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 288 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 136 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 245 адам емделді.

Қазір 4045 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 198, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 79, кардиоорталықта – 108, т/ж ауруханасында – 99 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 371. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 267 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

  • Бір тәулікте 424 адам Covid-19 жұқтырды;
  •  1 444 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда;
  •  Covid-19 анықталған 80 науқас реанимацияда жатыр;
  •  Реанимация бөлімшелерінде 12 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған;
  •  4 045 пациент үй жағдайында емделуде;
  •  245 адам Сovid-19-дан емделді;
  •  Covid-19 қарсы вакциналардың I компонентімен 138 993 адам егілді;
  •  Covid-19 қарсы вакциналардың II компонентімен 90 857 адам егілді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com