Қазақстанда

12 ЖАСТАҒЫ МАНИКЮР ЖАСАЙТЫН БАЛАНЫҢ ІНІСІНЕ ҚАНША ҚАРАЖАТ ЖИНАЛДЫ?

Осыған дейін 12 жасар маникюр жасайтын Арулат Мұхамедқали жайында естіген едік. Ол көпбалалы отбасының үлкені. Маникюрлық қызмет көрсетіп, ең кенже інісінің еміне қаражат  жинаған.

Үш жасар інісі екі жас шамасында қылтимадан (балкон) құлап, бас сүйек-ми зақымын алған соң,  сал болып қалған.

«Біз мұндай көмек болады деп күтпеген едік. Әрдайым өз күшімізбен баламды емдететінбіз. Шотымызға бірден 5 курстық емнің ақшасы түскенде, көзіме жас келді. Бір курстық емі шамамамен 200-250 мың теңге» – depti анасы Сания Рахимова

Қазіргі таңда Арулаттың қызметіне жазылғандардың саны артқан. Алайда, ата-анасы оның сабақ оқып, спортпен шұғылдануына көбірек мән  беретінін жеткізді. Тіпті осы оқиғаны  естіген бір  бизнесмен, ең  мықты нэйл-маманынан сабақ алуына мүмкіндік жасайтынын айтыпты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button