ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

Дәрігерлерге пранк жасаған белгілі блогерді полиция тексеруде (+ВИДЕО)

Алматы полициясы танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың медицина қызметкерлеріне жасаған пранкты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті.

«Қазіргі уақытта вайнер түсірілген видео бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Тексерудің соңғы нәтижелері туралы ақпаратты полициядан алуға болады», – деп хабарлады ведомствадан. 

Есте болса, вайнер Instagram-дағы парақшасында коронавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейін, дәрігерлердің үстінен әзілдеген видеосын жариялаған еді. 

Әзілкештің бұл қылығына Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Олардың мәліметіне сәйкес, видеода қалалық №4 емхананың дәрігерлері көрсетілген. 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бейнежазбадағы медицина қызметкерлері №4 қалалық емханада жұмыс істейді. Емхана басшылығы құзырлы органдарға әкімшілік жауапкершілік шарасын қолдану туралы өтініш жібергендерін айтқан болатын.

Себебі адамдардың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың медицина қызметкерінің кәсіби қызметіне араласуына тыйым салады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button