ӘлемдеҚазақстанда

ТАҒЫ БІР ҚАЗАҚ UFC-МЕН КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең танымал промоушен UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов өз Instagram парақшасында хабарлады.

Жұмағұлов бұған дейін 16 белдесу өткізіп, 13 мәрте жеңіске жеткен. Былтырғы қазан айында өткен соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Ресейлік Али Багаутиновтан басым түскен.

Ол Шавкат Рахмоновтан кейінгі  UFC-дағы екінші қазақастандық болмақ. Рахмоновтың алғашқы жекпе жегін спортсүйер қауым 21 наурыз күні Лондон қаласында өтетін Fight Night 171 турнирында тамашалай алады.

Сонымен қатар Ресейдің намысын қорғап жүрген Орынбор облысының тумасы этникалық қазақ Дамир Исмагулов та UFC бәсекелерінде сынға түседі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button