САРАПТАМА

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫ СИРЕП КЕЛЕДІ

«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау қалалық филиалының берген мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда облысымызда 9 Ұлы Отан соғысы ардагері бар. Оның ішінде 8-і Атырау қаласының, 1-еуі Құлсары қаласының тұрғыны. Ардагерлердің жасы 93 пен 98 аралығында.

«Біздің ұйым барлық ардагерлермен тығыз байланысып, жағдайларын біліп тұрады», – depti аталған қоғамдық бірлестіктің Атырау қалалық филиалының өкілі Әсел Кенжеахметова.
Айта кетейік, биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуда. Соған байланысты Жеңіс күнін тойлау еліміз бойынша кең ауқымда аталып өтіледі деп жоспарлануда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button