САРАПТАМА

Атырауда батарейка жұтқан сәби қайтыс болды

Облыстық балалар ауруханасында 11 айлық ұл бала батарейка жұтып қойып, қайтыс болды. Оқиға желтоқсан айының соңында болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. Аурухана сәбидің өлімін растап отыр. – Баланың ішіндегі батарейканы рентген арқылы көрдік. Ауруханада балаға толық наркоз беріліп, эндоскопия процедурасын жасап, қауіпті затты шығарып алмақ болған. Осы кезде сәбидің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер затты ала алмаған. Сол бойда жасалған ота да көмектеспеді. 28 желтоқсанда балаға ауа жетпей, жүрегі тоқтаған, – депті Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button