САРАПТАМА

АТЫРАУДА БЕЛСЕНДІ ЕРІКТІЛЕР БАС ҚОСТЫ

 12 наурыз күні азаматтық орталық кеңсесінде еріктілер жылына байланысты ой-пікірлер алмасу және облысқа керекті әлеуметтік жоба ұсыну мақсатында Атырау қаласының белсенді еріктілері жиналды. Жиын басында Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Жасұлан Бисембиев сөз сөйлеп, коронавирусқа байланысты қаламыздағы ахуалды айтып өтті. Сондай-ақ, аталған дертке байланысты көптеген шаралардың өтпейтіндігіне өкініш білдіріп, еріктілерге сәттілік тіледі. Одан әрі танымал бизнес-тренер әрі фасилитатор Асқар Секербаев тізгінді алды. Еріктілер 4 топқа бөлініп, 8 жобаны қорғады. Ақыр соңында, идеялары аяқсыз қалмайды деген үмітпен бас қосуды ұйымдастырған азаматтық орталық қызметкерлеріне ризашылықтарын айтып тарасты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button