САРАПТАМА

АТЫРАУДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙІП, ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛУДА

Облысымызда коронавирустың алдын алуға қатысты 31 қаңтарда өңірлік комиссия құрылып, тұрақты түрде қауіпсіздік шараларын пысықтап келеді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамедұлы айтты.

«Еуропаның біраз еліндегі күрделі ахуалды көріп отырмыз. Төтенше жағдай енгізген елдер саны да артып келеді. Біз де қауіпсіздікті күн өткен сайын күшейтіп жатырмыз», – деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңіндегі шаралар мен шектеулер Атырау облысы аумағында да тиісті талаптарға сай жүзеге асуы тиіс. 

«Бұл ретте орынбасарларыма, барлық басқарма басшыларына, тиісті органдарға сондай-ақ полиция департаментіне нақты тапсырмалар бердім. Ірі сауда орындары басшыларымен де жиын жасадық. Облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын асыра қымбаттатпау жолдарын қарастырдық. Себебі, өтпелі кезеңді өз пайдасына шешкісі келетіндер де аз емес. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды да күшейтеміз», – деді облыс  әкімі өзінің фейсбук парақшасында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button