САРАПТАМА

Аяз ата кәмпит орнына темекі таратты

Аяз ата кейпіндегі белгісіз  адам балаларға кәмпит орнына темекінің сорғыш түрін ұсынған.

«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Пенза қаласындағы №1 гимназияның жанында Аяз Ата кәмелетке толмаған жасөспірімдерге снюс үлестірген. Ол соратын темекі түрін кәмпитке жасырыпты.

Снюс – құрамында никотин немесе никотины бар заттар салынатын темекінің түрі. Ресей билігі бірнеше жыл бұрын снюс саудасына тыйым салғанымен, кейбір сауда орындары оны әлі күнге сататын көрінеді.

. 2019 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан снюс өнімдерін әкелуге, сатуға және пайдалануға уақытша тыйым салды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button