САРАПТАМА

Банк тонап, ақшаны көшеде шашқан

Американың Колорадо-Спрингс қаласында ер адам банк тонап, көшеде ақша шашты. Сондай-ақ, көшеде «Рождество құтты болсын!» деп айғайлады. Бұл туралы The Hill басылымы жазады. Оқиға 23 желтоқсан күні кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, 65 жастағы Дэвид Оливер рождестволық тілек айтқаннан кейін жақын жердегі кофеханаға кіріп, полицияны күткен. Құқыққорғаушылардың сөзінше, ер адам тұтқындау кезінде еш қарсылық көрсетпеген және оның қасында қару болмаған. Ал тұрғындар жердегі ақшаны жинап, банкке қайтарған. Ұрланған ақшаның сомасы белгісіз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button