САРАПТАМА

Ерке Есмаханның ұзатылу сәтінен видео тарады

Желіде Ерке Есмаханға айнымайтын арудың ұзатылған видеосы пайда болды. Оқырмандар бойжеткенді әншімен шатастырып алған.

Сыңсудан соң көзіне жас ала, өз жұртымен қоштасқан қызды көпшілік Ерке Есмахан деп ойлағандарын жасыра алмады.

«Мен Ерке екен деп ойладым», «Расымен, Ерке Есмаханға қатты ұқсайды екен», «Бақытты болсын».

«Еркені енді даладан ұзатпайтын шығар», «Ерке емес пе?» деп жарыса жазды оқырмандар.

https://www.instagram.com/p/Bp16rnzlhkv/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Тіпті арасында әншінің желідегі парақшасын белгілеп, әншінің өзіне түрлі сауал қойғандар да табылды.

Айта кетейік, видео еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button