АТЫРАУДА

Атырауда ауыр салмақты автокөлікке 320 000 теңге айыппұл салынды

Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы кезекті жұмысының барысында қалаішілік жолдармен жүрген ауыр салмақты автокөліктерді анықтады.

Анықталған екі ауыр салмақты көліктің біріне 120АЕК, екінші көлікке 80 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

whatsapp image 2020 01 31 at 16.30.07

 «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 571 бабының 6 бөлімі, яғни ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тіркейтін, салмақтық параметрлерден асыра отырып, рұқсатсыз жүріп өтуі бойынша әкімшілік айыппұл салынды» – депті Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандары.

Сонымен қатар ауыр салмақпен қалаішілік асфальтқа зақым келтіргендіктен жол алым сомасы өндірілді. Тексеру барысында ауыр салмақты автокөліктегі жүктің құжаты болмағандығы да анықталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button