САРАПТАМА

Ажырасу тәртібі оңайлаған ба?

Енді сот арқылы неке бұзылғаннан кейін АХАТ-қа бару керек емес. Сот шешімі заңды күшіне енген соң неке қию туралы акт жазбасына автоматты түрде белгі қойылады. «Бұл қызмет көрсету жүйесін оңтайландыру мақсатында «Неке және отбасы туралы» заңға енгізілген өзгерістердің біреуі ғана»,- депті Атырау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары.
Атырау қаласы бойынша 2019 жылдың қортындысымен 3359 неке тіркеліп, 1002 неке бұзылған. Оның ішінде 889 сот шешімімен, 113-і өзара келісім арқылы. Ерлі зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болмаса, екеуі де ажырасуға келісіп, өзара, соның ішінде мүлікке қатысты талаптары болмаған жағдайда АХАТ арқылы неке бұзуға болады.

5d033c027d5bf251851187
Республика бойынша қала мен ауылдағы ажырасу деңгейі


«Қаламызда ажырасуға арыз беретіндердің көбі 25- 35 жас аралығындағылар, ал ең үлкені 60-та»,- депті Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте.
Қазақстандық этнографтар бұл «үрдістің» бізге XX ғасырдың орта тұсында келгенін айтады. Мәселен, 50-інші жылдары әрбір жүзінші отбасы ажырасса, 80-інші жылдары әрбір төртінші, ал 90-ыншы жылдардан бастап әрбір үшінші отбасында жұбайлардың жолдары екі айырылатын болған.


Ата-аналар балаларына өздері жар таңдап беретін дәстүр тарихқа кетіп, әр жас өз сүйгеніне қосылатын заманда ажырасу көрсеткіші артып бара жатқаны кім-кімді де толғандырады. Отбасы институтын нығайту мәселесі өзектілігін жоймай тұр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button