ӘлемдеСАРАПТАМА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФУТБОЛ БӘСЕКЕЛЕРІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Спорт сүйер қауым үшін жағымсыз жаңалық, кәрі құрлықтағы барлық белді  футбол жарыстары коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.  Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) хабарлайды.

Атап айтар болсақ, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы 2 аптаға, Ла Лига наурыздың аяғына АПЛ мен Бундеслига сәуірдің басына, ал А Сериясы мен Лига 1 белгісіз мерзімге дейін ығыстырылды.

Қазіргі таңда Даниэле Ругани, Маноло Габбьядини сынды А сериясының ойыншыларынан бөлек, лондондық  «Арсенал» командасының бас бапкері Микель Артета да жұқпалы ауруға шалдыққан.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button