АТЫРАУДА

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ КӨЛЕМІ 2006 ЖЫЛДАН БЕРІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстанның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

«Жайық өзені негізінен Орал тауларынан бастау алады және қар, жауын-шашын суларымен қоректенеді, су көлемінің 80 пайызы Ресей Федерациясында қалыптасады, сондықтан өзеннің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысы көрші елде орналасқан ірі су қоймалары мен гидротехникалық  құрылғылардың жұмысына тәуелді.

Алайда, соңғы жылдары облыс көлеміндегі Жайық өзенінің су мөлшері мен деңгейі орташа көп жылдық мөлшерден төмен болуда. Өзеннің Атырау аумағындағы бөлігінен су алу көлемі соңғы жылдары 1990-1991 жылдармен салыстырғанда 1954 млн.текше метрден 793 млн. текше метрге, яғни, 58 пайызға төмендеуіне қарамастан, жоғары жақтан келетін су көлемінің аз келуі себепті, өзендегі су көлемі 2006 жылдан бері  төмендеумен келеді. Тек 2016-2017 жылдары ғана 9,2-10,4 млрд. текше метрге, яғни, қалыпты жағдайға дейінгі деңгейге көтерілді. Ал 2018 жылы қайтадан 6,0 млрд. текше метр деңгейінде қалды, ағымдағы жылы да су көлемі одан да аз болып отыр. Жайық өзені үшін қалыпты су деңгейі 455 см болса, 2018 жылы ол 414 см-ден асқан жоқ, ағымдағы жылы 330 см деңгейінде болды», – depti Жайық өзенінің жағдайына тоқтала кеткен Қадыржан Арыстан.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button