АТЫРАУДАСАРАПТАМА

КОРОНАВИРУСТЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Атырау облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Атырау облысында қаулыға сәйкес коронавирустық инфекциямен аурушаңдық бойынша қолайсыз елдер қауіптілік деңгейіне қарай бөлінген санаттардағы адамдар саны туралы мәліметі:

1 А санаты (ҚХР,Иран,Оңтүстік Корея, Италия) бойынша медициналық бақылауға 1 шетел азаматы алынды.

1 Б санаты (Франция, Германия, Испания) бойынша 66 адам бақылауға алынды, оның ішінде 9-ы шетелдік. Олар 14 күн бойына үй жағдайында оқшауланып, медициналық бақылауға алынады.

2 санат (Швейцария, Великобритания, Нидерланды) бойынша медициналық бақылауға 198 адам алынды, оның ішінде 6-ауы шетелдік. Олар 14 күн ішінде тұратын жері бойынша күн сайын қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауға алынған.

Облыста қолдаушы терапияға арналған барлық қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткілікті, жұқпалы ауруханаларда оқшаулауға арналған бокс орындар ұйымдастырылды, дәрігерлік және орта буындық медицина персоналдары дайындалды. Коронавирус тіркелген жағдайда ауруханаларда 330 орын жасақталды.

Атырау облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі алдын-алу шараларын ұсынады:

–              қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

–              антисептиктерді қолданыңыз;

–              адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз;

–              суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) тұрғылықты жер бойынша дәрігерге барыңыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button