САРАПТАМА

Өрт зардабынан төрт адам қайтыс болды

16 желтоқсанға қараған түні Қостанай облысы Торғай елді мекенінде жеке үйде газ баллоны жарылып, өрт шыққан. Қаза тапқандар арасынан 1938 және 1985 жылғы екі әйел мен екі сәбидің мәйіті табылған.

Өрттен кейін 33 жастағы ер адам мен 1997 жылғы қыз ауруханаға түскен. Олардың денесінің 45-40 пайызы күйген. 2009, 2011 және 2014 жылғы үш бала екінші дәрежедегі күйік алған. Олар Арқалықтағы ауруханада жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button