САРАПТАМА

САУДА ОРЫНДАРЫНДА ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ, ДЕРАТИЗАЦИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ САТУҒА БОЛМАЙТЫНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен халықтың дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын улы заттармен улануы мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты сауда орындарында дезинсекциялық, дератизациялық препараттардың еркін сатылуына жол бермеу, сонымен қатар дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық қызмет көрсетуде тиісті мекемелердің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі.

Семинарға дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың, сауда орындары мен базарлардың өкілдері қатысып, баяндамалар оқылды

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, семинардың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ жұмыс барысында туындайтын көптеген мәселелер талқыланып, сұрақтарға жауаптар берілді», – depti аталған департаменттің баспасөз хатшысы Балкенже Хабирова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button