САРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ АЙЫНДА НОРМАДАН ЖОҒАРЫ АУА-РАЙЫ КҮТІЛЕДІ

«Ауаның орташа айлық температурасы плюс 2…6°С дейін көтеріледі, бұл нормадан 1°С жоғары болады ( норма: плюс 1…5°С).

Ауаның температурасы түнде 10…15, кей жерлерде 5 аяздан 5…10 аяз, кей жерлерде 0…5 жылыға дейін, күндіз 0…5, кей жерлерде 10 жылыдан 5…10, кей жерлерде 15 жылыға дейін ауытқиды.

Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында күтіледі (норма: 11…21 мм). Ай ішінде кей жерлерде жиі тұман түсуі мүмкін, ал кей жерлерде көктайғақ ықтимал.

Онкүндіктің екінші жартсында кей жерлерде жауын-шашын болжанады және солтүстік-шығыс бағытынан болатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді», – depti Қазгидромет РМК Атырау облысы бойынша филиалының ауа-райын болжау бөлімі мамандары.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button