САРАПТАМА

Тағы да электрик зардап шекті

Жезқазған кенішінің №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып қойды.

Жазатайым оқиға 235 шахтадағы №1 штректе болған. Тергеу органдары аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғанын анықтап жатыр. Бұл шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі. «Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», – деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, БҚО Атырау қаласында да 20 жасар электромонтёр зардап шекті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button