АТЫРАУДА

26 ТОННА МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАҒАН КАМАЗ ЖҮК КӨЛІГІ АУДАРЫЛДЫ

Атырау облысы  Жылой ауданы Теңіз кенішінде 26 тонна мұнайы бар КамАЗ аударылды. 42 жастағы жүргізуші дін аман.

Қазіргі таңда экология департаменті төгілген мұнайдың залалын  анықтау жұмыстарын бастап кетті.

Белгілі болғандай, КамАЗ «ЕМГ-ҚұрылысСервис-Атырау» ЖШС-не тиесілі. Алдын ала болжам бойынша  жол көлік оқиғасының орын алуына жүргізушінің көлікті басқара алмай қалуы себеп болған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button