АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Аялдамада аяусыз төбелескен атыраулық азаматтар бейнекамераға түсіп қалды (+ВИДЕО)

Атыраулық полицейлер мас күйде төбелескен екі тұрғынды жауапкершілікке тартты.

16 мамыр күні сағат 02:51 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері Әуезов көшесінде орналасқан аялдамалардың жанында белгісіз екі азаматтың төбелесіп жатқанын байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Бейнекадрларда екі азаматтың бір бірін, аяусыз соққыға жыққаны анық байқалады.
Бағыттама бойынша 5 минутта жеткен патрульдік полицейлер төбелескен азаматтарды дереу тоқтатып, тексеру барысында 1987 және 1992 ж.т екі тұрғынның жеңіл дәрежедегі мас екені анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлімімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Енді аталған азаматтар сот шешімімен бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынуы немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алынуы мүмкін.

Сонымен қатар, мас күйде соққыға жыққан 1992 ж.т тұрғынның басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТОВА,

Атырау облыстық ПД бөлім бастығы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button