АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 41 ДІНИ БІРЛЕСТІК ҚЫЗМЕТІН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

 1 мамырға дейін созылған карантинге байланысты діни бірлестіктер  «онлайн» режиміне ауысты,  деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Жаңа шектеу шаралары туралы Дін істер басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев мәлімдеді.  Оның айтуынша, ҚР Бас мемлекеттік дәрігерінің, сондай-ақ Атырау облысы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы  негізінде діни нысандар  халық көп шоғырланатын орын болып табылады.

 Осыған сәйкес,  өңірдегі  діни бірлестіктердің қызметін уақытша  тоқтату туралы шешім қабылданды.  Барлық басшылыққа тиісті хабарлама жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 – Қазіргі уақытта  православие христиандарында қасиетті апта жүріп жатыр, мұсылмандар үшін аса қасиетті Рамазан айы да жақындап келеді.  Аталған діни іс-шараларға байланысты  ұжымдық дұғалар онлайн режимде өтпек, – деді Хайролла Көшқалиев.

 Еске сала кетейік, бүгінде Атырау облысында 41 діни бірлестік тіркелген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button