АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 120-ДАН АСТАМ ЕРІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСҚА ОРАЙ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Атырау қаласының жастар ресурстық орталығында «Biz birgemiz» штабы құрылды. Қазіргі таңда бұл штбата 120-дан астам ерікті тіркеліп тұр.

Бұл туралы жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров айтты.

«Еріктілер қаламызда болып жатқан барлық шараларға ат салысуда. Қарияларға жәрдемдесіп, төтенше жағдай уақытында шағын және орта бизнес өкілдеріне ескертпелер таратуда. Қаламызда жүргізіліп жатқан дезинфекция жұмыстарына да ерік білдіріп отырған жастар бар», – деді жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров.

Айта кетейік, көмекке мұқтаж болсаңыз немесе ерікті болғыңыз келсе, 50-84-50 номеріне хабарласуға болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button