АТЫРАУДА КОРОНОВИРУС НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУІН ТЕЖЕДІ

by Depti
0 views

2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады.
Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын пайда болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанынан құрылған Ведомствоаралық комиссия тарапынан арнайы алдын алу шаралары өткізілуде, 13 наурыздан бастап көпшілікке арналған іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының шешімімен Назарбаев Зияткерлік мектептеріне конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды. Конкурстық іріктеу өткізілетін күн қосымша жарияланады. Бұл жөнінде үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиялары арқылы хабарланады» – depti НЗМ баспасөз қызметі.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com