АТЫРАУДА

АТЫРАУДА «ҚТЖ – ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ ТОПЫРАҚ ҚАБАТЫН ЛАСТАҒАН

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның меншік иесі болып табылатын бұрынғы Ақжайық булау-жуу станциясының аумағында топырақ қабатын мұнай өнімдерімен ластау туралы ақпаратты Атырау облысы бойынша Экология департаментiнiң басшысы Абай Сафин түсіндірді.

«Ақжайық Запад-2006» ЖШС таратылғаннан кейін қалған мұнай өнімдері топырақ жамылғысының ластануына себеп болғаны анықталды.Тексеру материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 343- бабы бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысының полиция департаментіне жіберілді» – depti департамент басшысы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Департамент «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ–ның Атырау жүк тасымалдау бөлімшесі» филиалына қатысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ластанған аумақты мәжбүрлеп тазарту туралы арыз берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button