АТЫРАУДА

«ИМАНҒАЛИ» МЕШІТІ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы және Атырау облысына «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы короновирус жұқпалы дертін алдын алу шарасына байланысты жұма намазы туралы мәлімдеме  жасады.

 «  – Жұма намазынан алдын айтылатын 30 минуттық уағыз ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап уақытша тоқтатылады;

  • Намаз уақыты кіре сала азан айтылады. 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының екі ракағат  парызы қысқа сүремен оқылады;
  • Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 ракағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
  • Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, Имам қысқа дұға жасайды;
  • Намаздан кейін жамағат қол беріп, «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
  • Мешітке бетперде (маска) киіп келу керек;
  •  Намаздан кейін көп кідірмей, мешіттен шығу;
  • Жұма намазына балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • Ауа райы қолайлы аймақта, жұма намазын сыртта оқуға болады.

Болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз»  – depti бас имам.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button