АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖАТ АҒЫМ ТҰРҒЫНДАРДЫ МАЗАЛАҒАН

Атырауда Иегова діни ұйымы пәтерлерге барып, тұрғындардың мазасын алған. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің телеграм чат каналына Илияс есімді қолданушы жазды.

Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұсаев Қаһарманның айтуынша, «Иегова Куәгерлері қауымдастығы» 2009 жылы 26 қаңтарда алғаш тіркеуден өткен. Сондай-ақ, 2011 жылы жаңа қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес, барлық діни сараптамадан өтіп, 2012 жылы 10 қазанда Әділет департаментінің қайта тіркеуінен өтті. Сондықтан заңды түрде қызмет етуде. 

«Қазіргі таңда Иегова куәгерлері діни бірлестігіне тыйым салынған жоқ. Алайда, Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңына сәйкес, діни бірлестіктер уағыздарын, діни жораларын, ғибадаттарын және үгіт насихаттарын заңды тіркелген мекен-жай бойынша, яғни шіркеулерінде, мешіт ғимараттарында жүргізу қажет. Одан басқа жерде жүргізсе заңсыз болып саналады және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады», – дейді Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұсаев Қаһарман.

Айта кетейік, егер діни бірлестіктердің заң бұзушылық әрекеттерін байқасыңыз,  Атырау облысы Дін істері басқармасының 32-16-40 сенім телефонына және 87711776868 хабарласуға болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button