АТЫРАУДА

АТЫРАУДА СЕПТИККЕ ТҮСКЕН БАЛА АМАН ҚАЛДЫ

Мақатта 3 жасар сәби септикке түсіп кеткен. Дәрігерлердің арқасында сәби аман қалған.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Аслан Жеңісұлының хабарлауынша, сәби үйдің ауласындағы септикке құлапты. Баланың әкесі құдықтан шығарып, дереу жедел жәрдемді шақыртқан.

«Ауыр жағдайда түскен бүлдіршін реанимациялық бөлімшеге жатқызылып, алғашқы көмек көрсетіледі. Үш жастағы бала асфиксиялық тыныс алу, ауыр жарақттанып,кеуде және дене қабырғалары сынған. Бірден реанимациялық шаралар көрсетіліп, дәрігерлердің біліктілігінің арқасында ес-түссіз жатқан сәби оңалды. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты», – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.

Айта кетейік, реаниматолог дәрігер Жалғас Рүстембеков, хирург-дәрігер Асулан Абдірахманов, бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары Рысгүл Тайшекенова баланы аман алып қалуға тырысқан.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button