АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТЕРРОРИЗМДЫ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР САБАҚ ӨТТІ

Теріс діни ағым заманның ең басты проблемасы болып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін жат ағымдар өсе түсуде. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында дәстүрсіз діни ағымның алдын-алу мақсатында, Департаменттің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен семинар-сабақ өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің өкілі Қуанышбек Мұхамбеталиев , «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Шүкіріддін Темірқұлұлы және Департаменттің жеке құрамы қатысты.

«Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіптілігін» – depti теолог Ш.Темірқұлұлы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button