АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ЖАС ОТБАСЫ ТОЙЛАРЫН КЕЙІНГІГЕ ҚАЛДЫРДЫ

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты атыраулық Марат пен Әйгерім үйлену тойларын кейінгіге қалдыруға мәжбүр.

Бір жылдан астам дайындалып қойған тойларына атақты асабаны да, әншіні де шақырған екен. Тойларын 11 сәуір күніне жоспарлаған болатын. Енді Марат барлығынан бас тартуға мәжбүр.

«Осы хабарды естігелі бері қалай болады деп ұзақ ойландық. Бірақ, елмен бірдейміз ғой. Үйдің тұңғышы, әрі жалғыз баласы болғаннан кейін анама тойдың кейінгі қалдырғаны ауыр тиді. Себебі, біз бұл күнді асыға күттік. Той өтер кетер, ең бастысы бұл аты жаман вирус елімізден кетіп, елде тек тыныштық орнаса болды», – дейді Марат.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев 2020  жылғы 16  наурыздағы  08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай жариялаған болатын.

Елімізде дәл қазіргі ақпарат бойынша коронавирус жұқтырған адам саны 36-ға жетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button