АТЫРАУДА

Атыраулық журналист Жасұлан Көжеков дүниеден өтті

Саналы ғұмырын  журналистиканың дамуына арнаған танымал журналист Жасұлан Көжеков дүниеден өтті.

Жасұлан Ғайнешұлы 1969 жылы қазан айының 30-шы жұлдызында Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы Атырау облыстық телерадиокомпаниясында редактор болып бастап, кейін телекомментатор болған. Сонымен қатар, «Хабар» агенттігінің Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі, 1999-2000 жылдары Атырау телерадиокомпаниясының басшысы  болған. Кейін облыс әкімінің кеңесшісі, Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметінің жетекшісі болды. Аймақтағы алғашқы «AtyrauNews»  сайтының және «Atyrau Today» газетінің негізін қалаушы. Сонымен қатар, Ақжайық газетінде бірнеше жыл еңбек еткен. Астана қаласында және халықаралық ақпараттық агенттіктерде қызмет жасаған.

Depti.kz ақпараттық-танымдық порталы бақұл болған журналистің ағайын-туыстарының қайғысына ортақтасын, көңіл айтады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button