АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚТАР ТЕГІН КӨМЕКТІ АЛМАЙ ЖҮР

Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған «Адал көмек» акциясы атыраулықтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің «Адалдық алаңы» кеңсесінде әр сенбі күні заңгерлер тегін көмек беретін болды. Алайда 2 аптада тек қана  бір атыраулық көмек алған.

 «Атырау «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде әр аптаның сенбі күні  «Адал көмек» акциясы аясында  тұғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2 апта жүзеге асырылып отырса да, әр аптада тұрғындардың келу ықтималдылығы төмендеу болып отыр.  Оның себебін тұрғындарды ақпараттандырудың аздығымен немесе аптаның аяғы болғандығымен байланыстырып отырмыз. Бірінші аптасында адамдар мүлде келмеді, ал екінші аптада бір тұрғын өз мәселесі бойынша мәлімет алып, шешімін тапты» – depti Адалдық алаңы кеңсесінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button