АТЫРАУДА
Атырау қаласында уақытша су тоқтатылмақ
Бұл туралы «Атырау облысы Су Арнасы» мекемесі хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, маусымның 16-сынан 17-сіне қараған түні сағат 24.00-07.00 аралығында су болмайды. Бұл су тазалау және «Атырау-Мақат» су құбырының су жіберу мүмкіндігін арттыру жұмыстарына байланысты орын алып отырған жайт.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ