Атырауда демалыс базасында өткен үйлену тойы анықталды (+ВИДЕО)

by Depti
1 views

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, карантин кезінде демалыс базасының бірінде үйлену тойы өткен.

https://www.youtube.com/watch?v=5wf2X331LfM&feature=emb_imp_woyt

Мониторинг тобы 8 тамызда Береке ауылындағы демалыс базасының бірінде өткізілген үйлену тойын дрон арқылы анықтады. Әуеден түсірілген видеода демылыс базасының аумағында көп көліктің тұрғаны байқалды. Топ мүшелері демалыс базасына барғанда 90-ға жуық қонақтың қатысуымен үйлену тойы өтіп жатқанын тіркеді.

«Демалыс базасының әкімшісі карантин шектеуіне қарамастан салтанатты іс-шара өтетін нысанды жалға бергенін мойындады» -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com