АТЫРАУДА ӨТЕ АҚЫЛДЫ АЛАЯҚТАР ҚОЛҒА ТҮСТІ…

by Depti
0 views

Атыраулық полицейлер мал ұрлап қана қоймай алаяқтық жасаған қылмыстық топты ұстады.


Атырауда қала тұрғындарын екі ай бойы қан қақсатып, мал ұрлығымен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Баукеспелер 2021 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында жеке кәсіпкерліктің қоршаулы базасынан, бау-бақша участогінде  орналасқан үй ауласындағы мал қорадан және қаладағы поселкелердегі мал қорадан барлығы 26 бас қой малын ұрлаған екен. Қолды қылған малдарын күдікті досының қорасына қарауға беріп, оған бұл қой малдарын арзан бағада сатып алғанын айтқан. Егер олда осындай арзан бағада алғысы келсе «құда баласына» хабарласуын өтініп, нәтижесінде өзара келісімге келген. Өзгелерге ұрланған малды сатып келген  қылмыскерлердің ісіне полиция араласады. Тәртіп сақшылары күдіктілердің тек мал ұрлаумен емес, өзгеде алаяқтық қылмыстарын қатысы барын анықтайды.

Мәселен, тергеу барысында күдікті 25 жастағы ер адамның қылмыстық әрекетін жүзеге асыру кезінде мінген автокөлігін туыс азаматшасынан уақытша жүргізуге алғаны белгілі болды. Азаматша әлгінің өзінен жалға алған үйіне қаражат төлей алмай және «пицца» пісіріп, сатумен айналысқанын, оны жеткізуге автокөлік керек екенін естіп көмектескен. Айтуынша, оған тоңазытқыш та алып берген. Сондай-ақ, 1996 жылғы күдікті ер адам карточкасы бұғатталып қалды деп, жақын таныс болған азаматшаның карточкасын пайдаланып келгені анықталды.

Сотталғандардың екеуі де Атырау облысының тұрғындары,жұмыссыз. Бірі 2001 жылғы бұрын сотты болған азамат, ал екіншісі 1996 ж.т. бұрын сотты болмаған ер адам. Күдікті екеуге қатысты ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсына 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com