ДОССОРДАҒЫ ӨРТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ШОШЫТТЫ

by Depti
1 views

Бүгін, яғни, 18 желтоқсан күні сағат 11.10-де Доссор кентінде үй өртенді.

Бұл ақпаратты облыстық төтенше жағдай департаменті растады. 

 Департаменттің баспасөз қызметі Доссор кентіне қарасты 2-ші ауылындағы Исанов көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскенін айтады. 

 «Оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 14х8м болатын тұрғын үйдің төбе жабындысының және ішкі бөлмелерінің жанып жатқаны анықталды. Өрт 12.49-да оқшауланып, 13.56-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген баспасөз баянында.

  Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкер мен 1 техникасы, сондай-ақ “Семсер Өрт сөндіруші” ЖШС-нің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com