2021 жылғы ауылдық округ әкімдерін сайлау науқанына Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылдық округінің тұрғындары да қатысады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Саяси додаға үш үміткер түсіп отыр. Бұл науқанға орай аудан орталығынан 6 сайлау уческесі ашылған. Атап айтсақ, Аққыстау, Өркен және Абай атындағы орта мектептер мен Томан елді мекеніндегі бастауыш мектеп ғимараттарында орналасқан.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Меңдібаевтың мәліметінше, 6 269 адам дауыс беру құқына ие.
– Сайлаушылар арасында 54 адам алғаш рет дауыс беретіндер. Сайлау учаскелері ашылғаннан бастап 1 540 адам дауыс берді, бұл сайлаушылардың жалпы санының 25% құрайды, – деді Сәбит Меңдібаев.