Атырау облысында карантин ережелерін елемеген бильярд клубы анықталды, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, 9 сәуір күні Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан әкімдігі мамандарынан құрылған мониторинг топпен тексеріс кезінде Миялы ауылы Т.Әубәкіров көшесінде орналасқан «КарБор» бильярд клубын анықтады. Оның ішінде жиырмаға жуық қонақ болған.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Қызылқоға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.