АТЫРАУДА

NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮЙДЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БОЛАДЫ

NCOC компаниясы бұндай шешімді өздерінің ресми сайттарында хабарлады.

«COVID-19 індетінің ықтимал таралу қаупін азайту мақсатында NCOC бүкіл компанияда шектеу шараларын енгізуде. 16 наурыздан бастап біздің бірқатар қызметкерлеріміз үйде жұмыс істеу режиміне көшіріледі. Бұл жұмыспен қамтылу деңгейлеріне немесе жалақыларға әсер етпейді. Алдағы уақытта, жағдайдың өрбуіне қарай, ондай қызметкерлердің саны арта түспек», – деді NCOC компаниясы.

Сонымен бірге, NCOC басшылығы қалыпты жұмыстарын жалғастыратын қызметкерлердің негізгі құрамын анықтаған.

Айта кетейік, NCOC қызметкерлерінің арасында COVID-19 вирусын жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ. NCOC компанияның медициналық қызмет көрсетуші ұйымдары тұмауға ұқсас белгілері бар науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған ресурстармен және дайындалған медициналық персоналмен қамтамасыз етілген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button