АТЫРАУДА

УЕФА: КОРОНАВИРУСҚА БОЛА ЖОСПАРЫМЫЗДЫ ӨЗГЕРТПЕЙМІЗ

  Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА)  коронавирустың (COVID-19) таралу қаупіне орай, 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының кейінгі қалу мүмкіндігіне байланысты пікір білдірді.

«Қазіргі таңда жоспарланған кестемізді өзгертуге мәжбүрлік жоқ», – depti  УЕФА баспасөз қызметі, бұл жағдай әрдайым назарларында екендігіне тоқтала кете.

Айта кетейік, Евро-2020 ойындары 12 маусым мен 12 шілде аралығында 12 елде өтеді.

Бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты кәрі құрлықтағы бірқатар футбол ойындарын жанкүйерсіз өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Ал Италияда барлық спорттық сайыстар сәуір айына дейін шегерілді. Сондықтан кей елдер дүбірлі доп додасы басталғанша ішкі біріншіліктерін аяқтап үлгеретіндіктеріне күмәнданады.

efo1e3oxyaavk8r
ЕURO 2020 ойындарының талисманы – Скиллзи

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button