АТЫРАУДА

ҚАЙРАТ ОРАЗБАЕВ «БІРГЕМІЗ» ХЭШТЕГІМЕН МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Еліміздегі төтенше жағдайдың талаптарына сәйкес теміржол вокзалында, әуежай, барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар қоғамдық көліктер мен аялдамаларға дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі таңда жоспарлы түрде 3000 бетперде (маска) шығаратын 12 мекеме бар. Бұл бетперделер барлық тұрғындар үшін жеткіліксіз, тек тұрғындар ең көп баратын мекемелердің қызметкерлеріне ғана жетеді, алайда қосымша келіссөздер жүргізілуде. Әуежайда арнайы жылу өлшегіш құрылғы (тепловизор) ұйымдастырылып, келген жолаушыларға бақылау жүргізілуде. Теміржол вокзалы да тиісті жұмыстарды жүргізуі керек.

Біз тұрғындардан сақтық шараларын, төтенше жағдай ережелері мен нұсқауларын орындауды сұраймыз. Кез-келген маңызды ақпаратты тиісті органдар дереу хабарлайды» – depti Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Айта кету керек, Атырауда короновирус тіркелген жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button