АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНҒА КӨМЕКТЕСПЕГЕН БАНК КҮЗЕТШІСІ ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛДЫ

Атырауда мүмкіндігі шектеулі Гүлназ Космурзиева халық банкінің күзетшісінен есікті ашып, өзіне көмектесуін өтінген. Алайда, күзетші бұдан бас тартып, дөрекі сөз сөйлеген.

Бүгін халық банкінің мамандары Гүлназдан кешіріп сұрап, күзетшінің жұмыстан қуылғанын айтты.

«Біз қызметтік тексеру жүргіздік. Күзет қызметкерін Халық банкінің барлық бөлімшесін күзетуден және қауіпсіздікті қамтамасыз етуден шеттету туралы шешім қабылданды. Осы жылы сәуір айынан бастап банктердің бөлімшілерінде жөндеу жұмыстары жүреді. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар да жаңартылады», – деді Халық банк мамандары.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button