Шұғыл: АТЫРАУҒА ШАҢДЫ ДАУЫЛ КЕЛЕ ЖАТЫР…

by Depti
0 views

Бұл туралы “Қазгидромет”РМК хабарлады.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстікте және орталықта желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Сондай-ақ, синоптиктер бүкіл республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады деп болжап отыр.

Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығысының таулы аудандарында фронтальдық бөліктердің ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған орай, жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстікте аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) болады.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейеді, батыста және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com