Исатай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Cотталушы 2019 жылғы 13 қазанда «Ауди-100» маркалы автокөлігін сақтандыру полисінсіз жүргізіп, Зинеден ауылы жағынан «Атырау-Астархань» тас жолына қарай кетіп бара жатырған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жәбірленушіге көмек көрсетпестен, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған», – деді Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.
Жәбірленуші ауыр дене жарақаттарының салдарынан оқиға болған жерде қайтыс болған.
Сот үкімімен айыпталушыны 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.