Жасөспірім құқығы қалай қорғалуда?

by Depti
2 views

Атырауда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған жоба бойынша жұмыстар талқыланды.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен жиында жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың  құқықтарын қорғау мәселесі қаралды. Онда Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов және селекторлық режимде ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин, аудан әкімдері қатысты.

Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақановтың айтуынша, ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі балалар саудасына қарсы күрес және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды арттыру жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, Атырау облысының прокуратурасы аталған жоспармен жұмыс атқаруда. Нәтижесінде  РДБ-ға (RBD-KOPD.KZ  сайты) тіркелмеген фактілер анықталды.

– Атырау облысындағы РДБ-ға (RBD-KOPD.KZ  сайты) – 506 бала тіркелген. Оның ішінде қамқоршылық қорғаншылықтағы бала -391, патронаттық тәрбиедегі-16, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды-99 бала тәрбиеленетіні көрсетілген.  Тексеру нәтижесінде 2 бала заңды асырап алуға үміткерлерден жасырылғаны, 59 балаға қатысты РДБ жүйесіне орналасу мерзімі мен келген мәртебесі көрсетілмегені анықталды. Осы тектес заңды бұзуға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды,- деді Бауыржан Жұмақанов.

Сонымен қатар, Бауыржан Жұмақанов ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинға Атырау облысы Білім беру басқармасы жанынан ашылған Бала құқығын қорғау бөліміндегі штаттық  бірлікті көбейтуді және сол бөлімдегі қызметкерлерге жүктелетін функционалдық міндеттерді тиімді бөлуді ұсынды.

Жиын соңында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қалалық, аудандық білім бөлімдеріне және облыстық прокуратурасының ұсынысына сәйкес, денсаулық сақтау басқармасына бірқатар тапсырмалар берді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com