Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

10eb7e34 351f 44d9 be95 787f84b00220

 «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт төмендеді. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 25 қазанда қауіпті вирус белгісі 10 адамнан анықталған. Оның ішінде Атырау қаласында – 2, Теңіз кен орнында – 5, Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарында бір-бірден науқас бар. «Қазір үй жағдайында 219, инфекциялық стационарларда 203 науқас оқшауланған. Оның ішінде модульді ауруханада – 99, Теңіз кен орнындағы стационарда – 65, аудандардағы инфекциялық стационарларда 33, №2 облыстық ауруханада 6 пациент емделіп жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: