Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы Covid-19 қарсы вакциналардың жаңа партиясының келгенін хабарлады.
Өңірге “Спутник V” вакцинасының 28 600 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ресейлік “Спутник V” вакцинасының I компонентінің 18 600 мың дозасы және II компонентінің 10 000 дозасы аймақтық фармацевтикалық қоймаға жеткізілді.
Олар Атырау облысының барлық егу пункттеріне таратылады.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын аймаққа QAZVAK қазақстандық вакцинасының 990 дозасы келген болатын. Оны N 4 және 5 емханаларда, сондай-ақ Еркінқала отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда егуге болады.